Студенттер жатақханаға өтінімді электронды түрде бере алады
Енді студенттер eGov.kz мобильді қосымшасы арқылы жатақханаға өтініш бере алады деп хабарлайды 24kz.
Бұрын бұл процесс колледждер мен eGov.kz сайты арқылы жүзеге асатын. Осыған қатысты құжат жобасы Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды. Сондай-ақ студент жатақханадағы орынға өтініш бермесе де, оған автоматты хабарлама жіберілуі мүмкін. Азамат бұл хатқа бір тәулік ішінде жауап беруі керек. Сонымен қатар орындарды бөлудің тәртібіне де өзгерістер енгізу қаралған. Басымдық берілетін санаттарға жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар адамдар және мемлекетттен әлеуметтік жәрдемақы алатындар жатады.
Ақерке Абылайхан, ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары:
- Бірінші кезекте кезең-кезеңімен жалпы бұл жатақханаға орындар бөлу мәселесін жалпы 100% цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын біз алға мақсат қойып отырмыз. Бірақ енді биылғы жылы әлеуметтік осал топтарға осы электронды кезекке тұру мәселесі қарастырылатын болады.