Биыл еліміздің кәсіпорындарында 7000-ға жуық жұмыс орны ашылды

Жыл басынан бері Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарында 7 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды, деп хабарлайды 24kz.

Алғашқы жарты жылда елде құны 570 млрд теңгеге жететін 40 жаңа жоба пайдалануға берілген екен. Енді жыл соңына дейін тағы 17,4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Яғни, 180-ге жуық жоба іске қосылады. Оның ішінде Павлодар облысындағы ферроқорытпа зауыты, Қостанай аймағындағы шойын құю арқылы жүк автомобильдерінің компоненттерін шығаратын өндіріс ошағы, Алматы облысындағы «Бұғыты» вольфрам кен орындарын өнеркәсіптік игеру мен жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт сынды кәсіпорындар бар. Үкіметтің хабарлауынша, барлық жобалар толық қуатына шыққан кезде олардың өндіріс көлемі шамамен 1,8 трлн теңгеге жетеді. Оның ішінде 400 млрд теңге экспорт, ал 1,4 трлн теңге импортты алмастыру болады.

Жаңа жұмыс орындары

Нақты жұмыс орындары – 6,9 мың (жоспар бойынша 17,4 мың)

Жобалар – 40 (жоспар бойынша 180)

Жалпы құны – ₸570 млрд ( жоспар бойынша ₸1,4 трлн)

Кәсіпорындар: Ферроқорытпа зауыты, Жүк автомобильдерінің компоненттерін шығару зауыты, Вольфрам кен орындарын өнеркәсіптік игеру, Жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт

Өндіріс көлемі ₸1,8 трлн

Экспорт ₸0,4 трлн

Импорт ₸1,4 трлн