Құлсарыда 100 үй салынып жатыр. LIVE

Атырау облысында тасқын зардабын жою жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында қазір 100 үй салынуда. Құрылыс алаңынан арна тілшісі Асланбек Шығыр тікелей байланысқа шығуға әзір.

Асланбек Шығыр, тілші:

- Біз қазір Құлсары қаласындағы «Болашақ» ықшам ауданындамыз. Мұнда тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін 100 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұған дейін осы жерге жақын маңда орналасқан үйлер көктемгі тасқын кезінде суға кеткен еді. Шамамен 82 нысан суда қалды. Суға кеткен үйлер жарамсыз деп танылды. Бұл жер телегей-теңіз боп жатыр еді. Жауаптылар су сору жұмыстарын жүргізіп, жағдайды қалыпқа келтірді. Енді ,міне, жергілікті билік зерделеп, тасқын кезінде суға кетпеген жерді таңдап, 100 үйдің құрылысын жүргізіп жатыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай, іртетасы құйылып, қабырғасы қаланған. Кейбір үйлердің тіпті шатырын жауып жатыр. Қазір енді типтік үлгідегі бір үйдің жобасымен таныстыра кетейін. Ауданы 100 шаршы метр болатын тұрғын үй 3 бөлмелі. Мынау кіреберіс, мынау дәліз. Жалпы тұрғындар үшін барлық инженерлік инфрақұрылым тартылған. Электр желісі жүргізілді. Кәріз жүйесі де бар. Қазір мұнда 8 мердігер мекеме жұмыс істеп жатыр.

«Мұнда тұрғындар үшін барлық жағдай жасалады», - дейді жергілікті билік. Осы ықшам ауданнан 2000 орындық мектеп салынады. Сондай-ақ балабақша да бой көтереді. Қоғамдық көлік қатынасы да ұйымдастырылатынын айтады.