Алматы облысында қоқыс өңдейтін зауыт салынады
Алматы облысында қуаттылығы жылына 350 мың тонна қоқысты өңдейтін зауыт салынады, деп хабарлайды 24KZ.
Кәсіпорын құрылыс қалдықтарын сұрыптайды және қайта өңдейді. Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарды, темірбетон бұйымдарын жағу арқылы сағатына 16 мегаватт электр қуатын өндіреді. Жалпы құны 32 миллиард теңгеден асатын жоба «Жасыл экономика» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Зауыт 2025 жылдың соңында іске қосылады. Деректерге сүйенсек, өткен жылы елімізде 4 миллион тоннадан астам коммуналдық қалдықтар шыққан. Соның тек 1 миллионы ғана өңделіпті. Қалғаны полигонға көмілген.
Руслан Төкенов, ҚР ЭТРМ департамент директорының орынбасары:
- Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, одан биогаз алып, ол биогазды ары қарай жылу энергия, электр энергия көздерін алу көзделген. Осындай жобалар мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие қаржы көзделген 3% есеппен 15 жылға дейін беріледі. Сонымен қатар жобаның құрылыс кезіне екі жылдық каникул кезі қаралған. Осындай ірі жобалардың жүзеге асуы елімізге экологиялық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан оң өзгеріс береді деп күтіліп отыр.