Түркістанда вейп сатқандар ұсталды
Түркістанда вейп сатумен айналысқан 2 дүкен анықталды, деп хабарлайды 24KZ.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жүргізген рейд кезінде тыйым салынған 327 темекі данасы тәркіленді. Дүкен иелері осы уақытқа дейін вейпті емін-еркін саудалап келген.
Еске сала кетсек, биыл елімізде 20 маусымынан бастап шегуге болмайтын темекі өнімдеріне, электрондық тұтыну жүйелеріне және оларды хош иістендіретін сұйықтықтарды сатуға тыйым салынған. Қылмыстық кодекске сәйкес 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 50 тәуілікке дейін қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін.