Зейнетақы жинағын тіс емдеуге жұмсауға тыйым салынбақ

Қазақстандықтар 10 тамыздан бастап зейнетақы қорындағы қаржысын тісін емдетуге жұмсай алмауы мүмкін, деп хабарлайды 24KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі жинақтаушы қордағы ақшаны пайдалану ережесіне өзгерту енгізуге ниетті. Олар келер жылдың 1 ақпанына дейін протездеуге және тіс имплантын орнатуға шектеу қоюды ұсынды. Себебі тісіме ем-дом жүргіземін деген желеумен жинақтағы ақшаны заңсыз жұмсайтындар көбейген. Тіпті көрсетілмеген медициналық қызмет үшін жалған құжат дайындап, оңай олжаға кенелгісі келген пысықайлар көбейген.