Әуе компанияларына айыппұл салынды
Жолаушылар құқығын бұзған әуе компаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматы-Қарағанды бағыты бойынша ұшу мерзімінен кешіккен «FlyArystan» әуе компаниясына 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни 3 млн 692 мың теңге айыппұл салынған. Аталған компания жолаушыларға жағдай жасамаған. Ал Атырау-Алматы бағыты бойынша рейсті кешіктірген «SCAT» әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компания жолаушыларға дер кезінде тиісті қызмет көрсетпегені үшін 1000 Айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалады.