Қазақстанда жалған туристік компания көбейген

Елде саяхатқа жолдама береміз деп халықтан қаржы жинайтын жалған туроператор көбейген.

Тек кейінгі жарты жылда осындай 9 бірдей туристік компания қызмет көрсету лицензиясынан айырылды.

Сондай-ақ құзырлы органдарға алаяқ агенттіктерге алданған 245 адамнан шағым түскен.

Тегі мен түрін жасыруды сұраған кейіпкеріміз алаяқтардың құрбаны болдым дейді. Алғашында жолдама жеңіп алдыңыз деп шақырғандар, артынан түрілі туристік қызметтерді айтып, басын айналдырыпты. Арман қолындағы 600 мың теңгесінен бір айырылса, артынан тіпті несие де рәсімдеп үлгергенін айтады. "Біріншіде білместікпен келіскеніммен, кейін көңіліме күдік бойлады. Қолымды уақытынан кеш сермедім" - дейді ол.

Арман, саяхатшы:

- Компания күмән туғызды. Себебі біріншіден жұбайыма звандаған кезде сертификатты ұтқанымыз жайлы айтты. Ал офистің ішінде тур жайлы айта бастады жәнеде сол шартпен бізге қолма қол берген жоқ. Уақыт тығыз екенін айтып, қолымызды қойғызды. Сондықтан мен тұтынушы ретінде құқығым бұзылды деп ойлаймын.

Арман секілді алаяқтарға жем болған халықтың қарасы қалың. Мәселен, саяхатыңды сәтті өткізуге себепкер боламын деген пысықайлардың үстінен 2022 жылы 15, былтыр - 53 іс қозғалған. Биылдың өзінде 29 жағдай тіркелген. Сондай-ақ тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің қызметіне жүгінетіндер де көп. Мысалы, жыл басынан бері 25 мыңға жуық адам арызданған, оның 245-і туркомпаниялардың үстінен шағымданған көрінеді. Солардың бірі...

Меруерт Асқарқызы, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының бас сарапшысы:

- Ақтөбе облысында ұйым көрсетілмеген туристтік қызметтер үшін ақшалай қаражатты қайтарудан бастартты. Біздің тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті үшінші тұлға ретінде сотқа қатысып, нәтижесінде 34 тұтынушыға 60 млн теңге қайтарылды. Оларды тұтынушыларды жаңылыстырып, туристік қызметті уақытылы көрсетілмеген және ақшасын қайтарып беруден бас тартқан.                                                                           

Сондай-ақ жарнамасы жер жарғанымен уәде еткен қызметін көрсетпейтін туристік компаниялар да бар. Саяхатшылардың 52 пайызы сауалнамада сервиске көңілі толмайтынын жеткізген.

Меруерт Асқарқызы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының бас сарапшысы:

- Шартта 5 жұлдыз деп көрсетілсе, барған кезде ол жерде жай ғана бір бөлме және ол жабық болған. Көршілес кісі есігін ашқан кезде мүлде қонақ үй емес жай бөлме. Жуылмаған, шаң, ешқандай санитарлық талаптарға сай емес және тамағы асханадан көрсетілетін болған. Айтуы мүмкін осындай қонақ үйі бар, осындай қызметтер көрсетіледі деп айтуы мүмкін, бірақ барған кезде ол көрсетілмей қалуы мүмкін. Көрсетілмей қалған жағдайлар көп.

Мұсылмандар үшін қасиетті сапар саналатын қажылықтың өзін кәсіпке айналдырғандар бар. Мәселен, елде 17 туркомпания ғана лицензия алып, ісін дөңгелетіп отыр. Қалғанының қызметі заңсыз. Көптің ішінде алаяқтар да бар. Мысалы, былтыр шымкенттік кесіпкердің үстінен 100-ден аса адам арызданған. Халықтан қаржы жинап, сайып келгенде саяхатты ұйымдастыра алмаған.

Десе де былтыр 10 млн-нан аса қазақстандық шет мемлекеттерге саяхаттаса, 9 млн тұрғын демалысын елде өткізгенді жөн көрген екен.

Шернияз Жалғасбекұлы, Марат Диханбаев