Балабақшаларда 27 мыңға жуық жаңа орын ашылды

Елде жарты жыл ішінде 27 мыңға жуық жаңа мектепке дейінгі орындар ашылды.

Осылайша сапалы тәрбие және оқытумен қамту көрсеткіші 91,5 пайызға ұлғайтылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады. Оның айтуынша, қазір қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайту үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Жыл сайын 1 мың ауыл мектебі жаңғыртылады. Сондай-ақ қазір инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектердің үлесі 88 пайызға артқан. Ал балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 80 пайызға жетіп отыр.

Мереке Амангелдіқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі:

- Жыл сайын ауылдарда жаңа мектептер ашу, мың мектепті жаңғыртудан өткізу, роботты техника, химия, биология, физика және STEM-зертханалар бойынша заманауи пәндік кабинеттер жабдықтау жүргізілуде. Студенттерді жатақханамен қамту ерекше назарда. Бүгінде өңірлерде 2600 орынға арналған 11 жаңа жатақхананың құрылысы жүруде. Бұл колледж студенттерінің 85 пайыздан астамын жатақханамен қамтуға мүмкіндік береді.