Бурабайда мультимедиалы интерактивті кешен ашылды
Бурабайда мультимедиалы интерактивті кешен ашылды.
Қайта құрудан кейін ол елдегі ең жоғары технологиялық мұражайлардың біріне айналды. Кешеннің салтанатты ашылуына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Туризм және спорт министрлігінің, Президент істері басқармасының өкілдері және Ақмола облысының басшылығы қатысты. Енді туристер ойын-сауық, кине-тикалық және анимациялық технологиялар арқылы, қазақ халқының тарихы мен мәдениетімен терең таныса алады. Кешен 360 градус форматтағы заманауи кино-театр, ойын алаңы, уақыт дәлізі және тағы да басқа интерактивті залдары бар 9 тақырыптық аймақтан тұрады.
Бекбол Сағын, "Бурабай даму" ЖШС бас директоры:
- Егер барлығын келушілер толық көріп шығатын болса оған бір 55 минуттай уақыт кетеді. Күніне кешен сағат оннан бастап кешкі сағат сегізге дейін келушілерге, туристерге есіктері ашық. Әрбір жарты сағат сайын жиырма-жиырма бес адамнан топ-топ болып осы кешенді тамашалауға болады. Жалпы, кешеннің ашылуы бұл біздің туризм саласындағы үлкен маңызды қадамдардың бірі деп есептейміз.
Асан Жайымбаев, турист:
- Енді бұл интерактивті кешен деген күшті нәрсе. Көп жерде жоқ бұндай. Міне мен, мысалы, Түркістаннан келдім. Көріп, ашылуына қатыстық, өте жақсы нәрсе. Бұл қазақ халқына керек және осы Бурабайдың дамуына керек. Құдай қаласа бәрі дами береді деп ойлаймын.