Еліміздің әр аймағында бала құқығы жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілген

Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады. Бала атаулы қашанда ерекше қорғау мен қамқорлыққа мұқтаж.

Бұл заң жүзінде реттеліп, бекітілген. Оқу-ағарту министрлігінің шешімімен еліміздің әр аймағында бала құқығы жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілген. Психилогиялық қолдау көрсететін 18 орталық ашылды. Әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиісті заң күшіне енді. Ол жөнінде Оқу-ағарту министрлігі Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырханнан білсек.

Диктор:

- Жолдас мырза, қазіргі таңда бала құқығы мен оның қауіпсіздігі басты назарда. Балаларға жасалған зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату мақсатында құжатқа 70-тен астам түзету енгізілді. Осы нормалардың негізгілеріне тоқталсаңыз.