Оралда құтқару батальоны құрылды

Мақсат – техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, тасқын мен селде, дауыл мен желде азаматтарды қауіпсіз жерге шығару.

Батальон құрамында 130-дай қызметкер болмақ. Дәл қазір әскери құрылымға сайдың тасындай 26 жігіт іріктелген. Алда әлі альпинистер, сүңгуірлер, трактор және кран жүргізушілері, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаратындар мен қайық жүргізушілері қажет. «Үміткерлердің жасы 19 бен 32 аралығында болуы, әскери міндетін өтеуі шарт», – дейді батальон басшылығы.

Бағылан Райқұлов, ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің батальон командирі:

- Біздің батальон алғашқы міндеті – қандай да бір апатта: техногенді, табиғи, биологиялық; су тасқыны, жер сілкінісі апаты, қандай да бір ғимараттардың қирауы, жарылған кезде, сол сәттерде алғашқы көмек көрсету, қиранды астынан шығару және алғашқы медициналық көмек көрсету. Жастардың кез келгенін аламыз. Біздің 3 ай оқуымыз бар, 6 ай оқуымыз бар, қалғанын сол уақытта өзіміз оқытып аламыз.