Ұлытау облысында 81 нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделді
Ұлытау облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін 81 нысан қажетті жабдықтармен қамтылды, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл – мемлекеттік ұйымдар, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, сауда және мәдениет ұйымдары. Жыл соңына дейін 150-ге жуық ғимаратты бейімдеу көзделіп отыр. Бұған дейін аймақтағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жабдықталу сапасы тексерілген болатын. Талаптарды орындамаған мекемелерге олқылықтарды жою туралы 21 ескерту беріліп, 3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.