Таразда жеті бала терезеден құлаған

Таразда жыл басынан бері 7 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.

Олардың бірі қаза болса, қалғандары әртүрлі жарақат алып ауруханаға түсті. Жалпы соңғы 3 жылда мұндай 46 дерек тіркелген. Олардың басым көпшілігі 3 пен 10 жас аралығындағы балалар. Осыған байланысты төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері күнделікті рейд жүргізуде. Ал қала әкімдігі болса терезелерге бұғаттаушы орнатпақ. Әзірге 300 данасын әлеуметтік жағдайы осал топтағы және көпбалалы отбасылар үйіне тегін орнатып бермек. Статистикаға сүйенсек елімізде күн сайын 2-3 жеткіншектің терезеден құлау дерегі тіркеледі. Сондықтан қауіпсіздің талаптарын қатаң сақтау қажет дейді, - сала мандары.

Руслан Орынбеков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Бүгінгі таңға дейін 525 көп қабатты үй араланып, 15 мыңнан аса жадынама таратылды. Ұялы байланыс операторларымен де бізде келісім-шарт бар. Келісім-шартқа сәйкес ұялы операторлар арқылы да осындай қауіпсіздік ережелері жіберіліп отырады.