Мемлекет басшысы Қаржаубай Сартқожаұлының отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы академик, белгілі түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлының қазасына орай оның отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды 24kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта марқұмның түркі дүниесінің тарихын түгендеуге, ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге қосқан үлесі зор екенін атап өткен.
«Артында мол мұра қалдырған Қаржаубай Сартқожаұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны Жәннатта болсын», - деп жазды Президент.