Вагондардың ластығы үшін айыппұл салынды
Жолаушылар вагондарында тазалық талаптарын сақтамаған клинингтік компанияларға айыппұл салынды, деп хабарлайды 24KZ.
«Қазақстан темір жолы» мамандары Павлодар, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанай бағыттарына жүретін пойыздарды тексерді. Тіпті Астанадан қатынайтын вагондарда тазалықтың тиісті деңгейде сақталмайтындығы анықталды. Бақылау жоқ, қызметкерлердің біліктілігі жеткіліксіз, сондай-ақ құжаттар бұрмаланған. Тексерістің нәтижесінде «Жолаушылар тасымалы» компаниясының Солтүстік филиалы басшылығына әкімшілік жаза тағайындалды. Алдағы уақытта кемшіліктердің орны толтырылмаса, келісімшарт бұзылады.
Айта кетейік, азаматтар вагондардағы тазалықтың сапасына көңілі толмаса, «жолаушылар тасымалы инстаграм парақшасына» немесе WhatsApp желісіндегі арнайы нөмірге шағым түсіруіне болады.