Шымкентте қарақұрт қаптады

Шымкентте 20 адамды қарақұрт шаққан.

Улы зиянкестен зардап шеккен бес адам гипербариялық оксигенация орталығының жансақтау бөлімінде емделіп, аман қалды. Дәрігерлер олардың уақытылы медициналық көмекке жүгінбегенін айтады. Ал қалған науқастардың денсаулығына қауіп жоқ. Стационарлық ем-домнан соң үйлеріне шығарылып, амбулаториялық бақылауға алынған. Қауіпті қарақұрт әсіресе құрылыс алаңында қаптаған. Сонымен қатар қора-жайлар мен сыз тартқан жерде көп кездесіп жатыр. Сондықтан мамандар тамыз айының соңына дейін улы жәндіктердің белсенді болатынын ескертіп, аса сақ болуға шақырады.

Мадина Ермаханбетова, қалалық гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері:

- Тамыздың аяғына дейін әлі де шаққаннан адамдар келіп түсуі мүмкін. Біз былтырғы 2023 жылды 17 деген санмен жапқан болсақ, биыл сол 20-ға жетті. Оның басты себептері құрылыс өте көп. Жалпы қарақұрт кәдімгі кең далаларда, ашық алаңдарда жүреді.