Биыл ел бойынша 70 мыңға жуық адам түрлі төтенше жағдайдан құтқарылды

Биылғы жылдың І жарты жылдығында құтқарушылар 70 мыңға жуық азаматты түрлі төтенше жағдайдан құтқарды.

42 мыңнан астам жедел әрі шұғыл сапар жасады. Айта кету керек, биыл еліміздің 12 өңірін су басып, халықты біраз әбігерге салған болатын. Тасқынның салдарынан 11 мыңнан астам тұрғын үй су астында қалса, автожолдардың 150 учаскесін су шайып, 11 көпір қирады. Табиғи апат салдарынан құтқарушылар 120 мыңнан астам адамды, оның ішінде 45 мың баланы эвакуациялады.