Биыл 12 мың шақырым жол жөнделеді

Елдегі автожолдардың жалпы ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, оның 25 мың шақырымы республикалық, ал қалған 70 мың шақырымы жергілікті жолдар.

Биыл оның бір бөлігі жөнделіп жатыр. Қай өңірлерде құрылыс аяқталды және қазақстандықтарды жол сапасы қанағаттандыра ма?

Жаз басталса жолдарды жөндеу жұмыстары қыза түседі. Қалада кептеліс, ал өңірлерді қосатын трассаларда тұтас бөліктері жабылады. Биыл жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды. Бұл елімізде бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Атап айтсақ, оның 8 мың шақырымы – республикалық, ал 4 мыңы жергілікті желіге тиесілі. Солардың жартысынан астамын жыл соңына дейін аяқтау көзделген. 

Нұртілек Хасенов, ҚР КМ Автомобиль жолдары комитетінің ғылым және жұмыс сапасы барқармасының басшысы

- Орташа жөндеу жұмыстары республиканың барлық өңірлерін қамтиды. Ал реконструкция жұмыстары Батыс өңірде Ақтөбе Атырау облыстарының территориясын қамтыса, орталық оңтүстік дәлізінде Қарағанды, Жамбыл, Алматы облысының аумағын. Сонымен қатар, Талдықорған-Өскемен жобасы ол Алматы облысы, Абай облысы, Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында жүріп жатыр реконструкция жұмыстары. Қазір бірнеше сатылы бақылаудан тұрады жолдың сапасы. Қазір құрылыс қарқыны қандай болғанымен оның барлығын сол жердегі мердігер инженерлік қызметтерден бөлек, ең бастысы жол активтерін бақылау Ұлттық орталығы осылардың күнделікті бақылауда ұстап отырса болғаны.

Жол сапасына қатысты қазақстандықтардың пікірі қандай? Оны білу үшін Шымкент тұрғындарын сөзге тарттық. Қала ішіндегі жолдарға көңілі толғанымен, халықты шаһар маңындағы жол сапасы алаңдатады. 

БЛИЦ: 4 адам

  1. Жол құрылысы жақсы болып қалған. Бірақ әлі де пробка болып қалатын жерлер көп екен. Қонаев көшесі ғана ұнады, басқа жерлерде әлі істейтін жерлер көп. Тек қаланың іші емес, сырты мен мысалы Жетісайдан келемін, төлейміз, ақылы жолмен келеміз, бірақ сапасы өте нашар. 
  1. Істей алатын компанияға беру керек тендерді. Ал біреулер алып алады да, не техникасы жоқ, не басқасы жоқ. Созбалаңға салып жүріп алатындары бар. ++03:55 қаланың ішіндегі жолдар жақсы, бірақ сырт жақтары нашар. Аяқталмай жатқандары да бар. 
  1. Істелініп жатыр ғой енді жай-жай. Асықтырудың қажеті жоқ. Кейбір жерлдерде істеп жатыр. Кейбір жерлер нашар. 07:35 колодецтерді енді кейбір жерлерін салған кезде сәл дұрыстап қойса. 60-пен келе жатқанда тарс етіп тиіп кетеді. 
  1. Жолдың сапасы, құрылыс жағынан ешқандай жалоба жоқ. Өзім жүріп отырамын. жыл өткен сайын жаңадан жолдар қоысылып, тегістеліп, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз оған разымыз.

Жарты жылда 7 млн адам ұшақпен тасымалданды

Сапарда әуе кемесін пайдаланатындар саны артты. Қазақстандық авиакомпаниялар алты айда 7 миллионға жуық адамды тасымалдады. Бұл ел ішінде және халықаралық бағыттар бойынша ұшқан жолаушылар. Биыл ұшу географиясы да кеңейді. Мәселен, Ұлыбританияға, Вьетнамға, Германияға және Малайзияға тікелей рейстер ашылды. Елдегі әуе компанияларында 98 ұшақ бар. Жыл аяғына дейін тағы 12 әуе кемесін алу жоспарда. Көлік министрлігі ұшақтардың кешігу мәселесін осылайша реттемек. 

Дархан Катышев, ҚР Көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:

- Негізі 2025 жылдың аяғына дейін бізде 120-125 ұшақ жоспарлап отырмыз бізде Қазақстанда болуына. Онда негізі бізде кешігу мәселесі, ұшу тұрақтылығы оң жағынан шешімін табады деп ойлаймыз. Осы жылы 14 бағыт бойынша рейстер ашылды. Оның ішінде Азияның ең ірі лоукостері AirAsia X әуе компаниясы Алматы-Куала Лумпур бағыты бойынша рейс ашты. SalamAir деген әуе компаниясы Алматы-Маскат деген рейс ашты.

Дегенмен, елдегі әуежайлардың көпшілігі ескірген. Олар кезең-кезеңімен ретке келтіріледі. Биыл Алматы әуежайында жаңа жолаушылар терминалы ашылды. Қызылорда мен Шымкентте жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жақында Балқашта әуежайдың перроны мен такси жолын жөндеу басталды, ал Павлодарда ұшу-қону жолағын қайта жаңарту қолға алынды. Жоба 2025 жылы аяқталады.

Әуежайларды жаңарту

Алматы - жаңа терминал ашылды

Шымкент - терминал құрылысы жалғасуда

Қызылорда - терминал құрылысы жүріп жатыр

Балқаш - әуежайдың перроны мен такси жолы жөнделуде

Павлодар- ұшу-қону жолағын жаңғырту

Биыл 140 жолаушылар вагоны алынады

Қазақстанда көп қолданылатын көлік түрі пойыздар. Жыл басынан бері теміржол арқылы жолаушылар тасымалы да артқан. Жарты жылда 10 миллионан астам адам осы қызметті пайдаланды. Өсім 6 пайыздан асты. Биыл вагондардың бір бөлігі жаңартылмақ. 

Нұржан Келбұғанов, ҚР Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары:

- 2024 жылы Көлік министрлігі 140 жаңа жолаушылар вагонын жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 вагонға көп. Қазірдің өзінде 50 вагон жеткізілді. Қалғандары жылдың соңына дейін жеткізіледі. Жаңа вагондар Қызылорда-Семей, Павлодар-Алматы, Ақтөбе - Атырау және Алматы - Сарыағаш бағыттарында пайдаланылатын болады. Сондай-ақ Павлодар - Түркістан, Қарағанды - Самара, Қарағанды - Омбы және Қостанай - Алматы бағыттарындағы вагондар жаңартылады. 

Биыл еліміздің теміржол желісінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1400 шақырым теміржолдың 570 шақырымында рельстерді толық ауыстыруды талап етеді. Министрліктің есебіне сенсек, қазіргі уақытта жұмыстар жартылай аяқталды. 

Ғазиза Мұхамеджанова, Рауль Габитов, Ербол Дайыров