Ақтауда он спорттық және балалар алаңы салынады

Биыл Ақтауда 10 спорттық және балалар алаңы салынады.

Жалпы жыл соңына дейін футбол, волейбол мен воркаут алаңдары ашылады. Жаяу жүргіншілер жолы да төселмек. Мұның бәрі «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асуда. Ерекшелігі кез келген тұрғын әкімдікке аулаларды абаттандыру үшін жоба ұсына алады. Қажетті дауыс жинап қолдау тапса, бюджет қаржысына салынады. Бұған дейін де шаһарда осылайша тұрғындарға қажетті әлеуметтік жобалар салынған. 

Ғазиз Сағынғалиев, Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- 2023 жылы Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 50 және одан көп дауыс жинаған 10 жоба анықталған болатын. Ағымдағы жылы аталға жобаларды іске асыру жұмысы басталды. Анықталған жобаларға сәйкес басқа да шағын аудандарда балалар ойын алаңы сондай-ақ спорт алаңдары орнатылып жатыр.