Үкімет басшысы: Барлық автомектепті есепке алу керек
Үкімет басшысы елдегі барлық автомектепті есепке алуды тапсырды, , деп хабарлайды 24kz.
Ол жүргізушілерді дайындау орындарына қойылатын талаптардың жеңілдеуі сапаға теріс әсер еткенін алға тартады. Қазір оқу орталықтарын ашу үшін лицензия мен арнайы рұқсат талап етілмейді. Тіпті көпшілігінде қажетті материалдық база жоқ. Олжас Бектенов сапасыз дайындық үшін әкімшілік жауапкершіліктің де қарастырылмайтынын сынға алды.
Себебі мұның бәрі жол көлік оқиғаларының жиілеуіне алып келген. Енді Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, автомектептерді түгелдей есепке алуы қажет. Сонымен қатар халықаралық тәжірибе талданып, қажет болған жағдайда жүргізушілерді даярлау және жүргізуші куәлігін алу тәсілдері қайта қаралады.