Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс бұзылып жатыр
Алматыда тағы бір заңсыз салынып жатқан құрылыс тоқтатылды, деп хабарлайды 24kz.
«Graff» тұрғын үй кешені бұзылатындығын Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады. Бостандық аудандық соты көппәтерлі үйді сүру туралы шешім шығарған.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда осындай заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту мақсатында былтырдан бері 40 нысан бұзылған. Оның қатарында «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» сияқты кешендер бар. Кейбір ғимараттар жартылай бұзылған. Ал, «Graff» кешені мегаполистің «Ерменсай» шағынауданында орналасқан. Ондағы үш жер телімінде құрылыс тиісті рұқсат құжатсыз салынған.