Олжас Бектенов автожолдарда бақылау камераларын көбейтуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов автожолдарда бақылау камераларының санын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл шара қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Үкімет басшысы: «Кейбір жол уаскелерінде ескерту белгілері мүлде жоқ», - дейді. Оның салдары адам қазасына әскеп соқтырып жатыр. Жыл басынан бері тұрғындардан жол қауіпсіздігі талаптарының сақталмауына байланысты 50 мыңнан астам шағым түскен. Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің өтпе жолдарында бағдаршамдарды көбейтуді, арнайы қоршаумен және жарық бағандарымен қамту тапсырылды. Бұл мәселе, әсіресе Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында өзекті. Премьер-министрдің айтуынша, барлық жол-көлік оқиғаларының, адам өлімі мен жарақат алу жағдайларының жартысы аталған өңірлерде болып отыр.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Өңір әкімдіктері бағдаршаммен реттелетін жаяу жүргінші жолдарының санын көбейтіп, қоршаулар мен жарықтандыруды орнатуы қажет. Инфрақұрылымдық проблемалардан басқа, біздің елімізде көлік жүргізу мәдениетінің, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің ереже сақтау тәртібінің деңгейі төмен.