Адам саудасымен күресте қандай шаралар қолданылады? LIVE

Қазақстанда адам саудасы үшін жазаны қатаңдату туралы жаңа заң медицина қызметкерлеріне да қатысты болмақ, деп хабарлайды 24kz.

Яғни, дәрігерлер ата-анасы бас тартқан шақалақтар туралы құзырлы орындарға бірден хабарлауға міндеттеледі. Әйтпесе, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Адам саудасымен күресте тағы қандай шаралар қолданылады? Осы тақырыпты құқық қорғау органы маманымен талқылаймыз. Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің аса маңызды істері бойынша аға жедел уәкілі Нұрбол Ашақұлов студиямен тікелей байланыста.

  1. Жаңа заңды әзірлеуге қатысқан Қазақстан Парламентінің депутаттары нәрестелер саудасына қатысты біраз жаға ұстатарлық статистика келтірген болатын. Жалпы жаңа құжат күшіне енген кезде мұндай заңсыздықтар үшін енді қандай жаза қолданылуы мүмкін?
  2. Адам саудасы фактілерін анықтауға цифрлық технологиялар қолданылып жатыр. Былтырдан бері Астана перзентханаларының бірінде жаңа туған әрбір балаға бірден жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру бойынша пилоттық жоба сынақтан өткізілді. Бұл қылмыстық мәмілелер жасау мүмкіндігін шектейді. Биыл осы қызмет бүкіл ел бойынша жұмыс істей бастады. Нәтиже бар ма?
  3. Адам саудасына қатысты ресми статистика қалай? Бөлісе аласыз ба?