Күзде орман мен дала өртінің қаупі көбеюі мүмкін – Экология министрі
Тиісінше, даланың шөбі де шүйгін, деп хабарлайды 24kz.
Ал бұл күзде ормандағы өрт қаупін көбейтуі мүмкін. Экология министрі Үкімет отырысында: «күзгі жиын-терімге бақылауды барынша күшейту керек. Облыс әкімдері диқандардың жұмысын майшаммен қарауға міндетті. Осылай ғана тілсіз жаудың алдын аламыз», деді.
Айта кетейік, жыл басынан бері елде 161 орман өрті тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда айтарлықтай аз. Қазіргі таңда 15 мыңнан аса маман мен 710 өрт сөндіру тобы қауіпті кезеңге дайын. Алайда тозығы жеткен техникалар мәселесі әлі де шешімін таппаған.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Біз өткен аптада ғана барып қайтқан «Семей орманы» резерватында орман мекемелеріндегі өрт сөндіру техникасының үштен бірі әбден ескірген, яғни, оларды есептен шығару керек. Ал өртті анықтаудың ақпараттық жүйесі аумақтың 33%-ін ғана қамтиды. Баянауыл ұлттық паркінде өртті ерте анықтау жүйесі мүлдем жоқ. Өрт сөндіру және патрульдік техникалардың тозығы жеткен. Заманауи техника мен құралдардың болмауы қызыл жалынмен күресте жедел шаралар қабылдауды баяулатады.