Биыл ел ішінде 5 мыңға жуық адам қоныс аударды
Жыл басынан бері ел ішінде 4 869 адам жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аударды, деп хабарлайды 24kz.
Өз еркімен тұрғылықты жерін ауыстыру мүмкіндігін пайдаланғандардың ішінде 1 891 қандас бар. Қоныс аударғандардың басым бөлігі Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарына көшкен. Сонымен қатар Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Абай облыстарына басымдық берілді. Өңірлерге қоныс аударғандар ішінде Өзбекстаннан келген 631, Моңғолиядан 616, Қытайдан 472 және Ресей мен өзге елдерден оралған қандастарымыз да бар.
Қоныстанушылар арасынан еңбекке қабілетті 1 288 азамат жұмысқа орналастырылды, 111 адам кәсіпкерлікпен айналысып жүр. Барлығына мемлекет тарапынан қолдау шаралары көрсетілді. Жыл соңына дейін ел ішінде тағы да 9 жарым мыңға жуық азаматтың қоныс аударуы көзделіп отыр.
Жұмыс күші тапшы аймақтарға:
Қоныс аударды – 4 869
Қандас – 1 891
Жыл соңына дейін – 9483
Өңірлер бойынша:
Павлодар облысына – 2 036 адам
Солтүстік Қазақстан облысына – 1 163 адам
Қостанай облысына – 540 адам
Шығыс Қазақстан облысына – 402 адам
Абай облысына – 362 адам
Ақмола облысына – 285 адам
Қарағанды облысына – 43 адам
Ұлытау облысына – 38 адам
Қандастар:
Өзбекстаннан – 631 адам
Моңғолиядан – 616 адам
ҚХР – 472 адам
Ресейден – 110 адам
Басқа елдерден – 62 адам