Тараз әкімдігінің қызметкерлері тергеуге алынды
Қаржылық мониторинг агенттігі Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды 24KZ.
Тексеріс барысында қаржы бөлімі қызметкерлерінің коммерциялық жылжымайтын мүлік пен халық тұтынатын тауарларды мекеме балансынан заңсыз шығарып алғандығы белгілі болды. Осылайша, мемлекетке келтірілген залал көлемі 100 млн теңгеден асқан. Қазіргі уақытта тергеу мен тиісті сараптама жүргізіліп жатыр.