Депутат Павлодардағы әлеуметтік нысандардың жұмысын тексерді
Павлодарда мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді жағдай жасалады, деп хабарлайды 24KZ.
Яғни, облыстық қарттар мен мүгедектер үйінің ескі ғимаратын қайта қалыпқа келтіру жоспарланып отыр. Мәжіліс депутаты Динара Наумова әлеуметтік нысандардың жұмысын тексеріп, қызметкерлермен кездесті. Балаларды оңалту орталығының директоры аутист балалармен жұмыс істеудің жаңа әдістері туралы айтып, туындаған кадрлық мәселелерді заңнамалық деңгейде шешуге көмек сұрады.
Әзіл Манабаев, балаларды оңалту орталығының директоры:
- «Қамқорлық қоры» бастамасы бойынша ашылған оңалту орталықтары үшін белгілі бір ережелер мен стандарттар әзірлеу қажет. Онда тек сол мекеменің қызмет көрсету түрілері мен қызметкерлері тіркелуі шарт.
Динара Наумова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мамандарға тоқталсам, иә, кадр тапшылығы сезіледі. Кейбір ақпараттық база жеткіліксіз. Сондықтан біз тиісті министрлікпен осы сауалдарды бірлесе шешуге тырысамыз.