Шымкентте синтетикалық есірткі зертханасы жойылды

Шымкент аумағында синтетикалық есірткі шығаратын зертхана жойылды, деп хабарлайды 24KZ.

Қала прокуратурасының ұйымдастыруымен Ұлттық қауіпсіздік департаментінің өкілдері жедел-іздестіру кезінде 2 күдіктіні қолға түсірді. Олардың жасырын цехын тінту барысында 60 келіден астам психотроптық заттар, 2,5 тонна болатын прекурсорлар табылды. Сонымен қатар есірткіні дайындауға арналған зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.

Ақтөре Мамыр, қала прокуратурасының басқарма прокуроры:

- Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуілге жатпайды.