Алматы тұрғындарына сел қаупі туралы ескерту жасалды
Сел қаупінің жоғарылауына байланысты алматылықтарға ескерту жасалды.
31 шілде мен 1 тамыз аралығында Алматыда және оған іргелес таулы жерлерде қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Сел қаупінің «қызғылт-сары деңгейі» жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет». Осыған байланысты Қазселденқорғау туристерден Іле Алатауларына бармауды сұрайды. Сел қаупі бар аудандарда әуеден және жерден бақылау күшейтілді. Инженерлік-техникалық қызметкерлер тәулік бойы кезекшілікке шықты.
Ведомство өкілдері жеке тұрғын үйлердің иелеріне жаңбыр суының ағынын бұруға дайындалуға шақырады.
Сел қаупі бар жерде не істеу керек
- таудағы жағдай туралы БАҚ хабарларын үнемі қадағалау
- егер қауіп төнсе немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтерілу
- сел қаупі бар каналдардың жанында, көпірлерде, бөгеттерде шатыр тікпеу, аялдамау