Жапония мамандары еліміздің су қоймаларын тексерді
Жапония сарапшылары еліміздің 4 облысына ат басын тіреп, ондағы 13 гидротехникалық нысанның жай-күйін тексерді.
Олар алдыме04, Ақтөбе облысындағы «Қазсушар» филиалындағы әріптестерімен кездесті. Сондай-ақ, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарындағы су шаруашылығы нысандарының жұмысымен танысты. Және елорда іргесіндегі қорғаныс бөгеті мен Преображенский су торабына да барды. Сарапшылар зерттеу барысында еліміздің су қоймаларында күрделі зақымданулардың жоқтығын айтты. Анықталған кейбір олқылықтарды жою жөнінде құзырлы министрлікке ұсыныстарын берді.