33 мыңға жуық адам үй кезегінен шығарылды

Жыл басынан бері елде 33 мыңға жуық азамат тұрғын үй кезегінен шығарылған.

Себебі олар талапқа сай келмеген. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, қазір баспана кезегінде 650 мың қазақстандық тұр. Оның 255 мыңнан астамы халықтың әлеуметтік осал тобына жатады. Ал жыл сайынғы түгендеу процесі, тағы 300 мыңға жуық азаматтың құжаттары, талаптарға сай келмеуі мүмкін. Нақтырақ айтқанда, олардың баспанасы бар немесе тұрғын үй алуға өтініш беру құқығы жоқ болуы ықтимал. Сондықтан кезектегілерді қайта тексеру қажет, дейді мамандар.

Тұрғын үй кезегі 32 931 адамға қысқарды.

Қазір 650 мың адам кезекте тұр.