Елімізде тасқыннан зардап шеккендерге 4790 баспана берілді

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға барлығы 4 790 үй мен пәтер берілді.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Қазір барлық өңірде тұрғын үй мен саяжай құрылысын тексеру және бағалау жұмысы толығымен аяқталды. Бұған дейін 34 068 отбасына бір реттік 100 АЕК көлемінде өтемақы төленген. Осы мақсаттарға 12,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Мәселен бүгінде 323 жаңа үй салынып, пайдалануға берілді. Күзге дейін 2 568 үй салып, тапсыру жоспарланған. Комиссия шешімдерінің қорытындысынан кейін 48,2 млрд теңгеге 8 717 жанұя тұрғын үйін жөндеп, қалпына келтіруге өтемақы алды.