Биыл 128 елді мекенге табиғи газ жеткізіледі
Биыл республика бойынша 128 елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24kz.
Нәтижесінде тұрғындардың 61,8%-і көгілдір отынмен қамтылады. Бұл мәліметті ел Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында 107 жобаны іске асыруға 89,3 млрд теңге бөлінген. Бұл 232 мыңнан астам халық тұратын 44 елді мекенге табиғи газ жеткізуге мүмкіндік берді. Ал жыл соңына дейін тағы 300 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді. Сондай-ақ 1,7 мың шақырым газ құбырын жаңғыртуға қосымша 105 млрд теңге бағытталады.
Айта кетейік, былтыр елді мекендерді газбен қамту деңгейі 60%-ке жетіп, 12 млн адам бұл игілікке қол жеткізді.