Ақтөбелік шаруаның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі орасан

Ақтөбелік шаруа Аманғос Төлеуовтің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі орасан, деп хабарлайды 24kz.

Оның жетекшілігіндегі «Степное» серіктестігі бүкіл республикаға танымал. Қарғалы ауданының тұрғындары оны ұтымды ұйымдастырушымен қатар игі істердің ұйытқысы деп біледі.

Аманғос Төлеуов ауыл шаруашылығы саласында 40 жылға жуық тер төгіп келеді. Ел тәуелсіздік алған жылдары кәсіп ашып, егін мен мал шаруашылығын аудан экономикасының тұрақты драйверінің бірі еткен. Шаруа қожалығы шикізат өндіріп қоймай, нарыққа дайын өнім ұсынады.

Аманғос Төлеуов, «Степное» ЖШС директоры:

-Толық циклды мен мысалы өсімдік өсіруде істедім. Өсіреміз бидайды, оны апарып бадамшада тартамыз диірмен, сосын Ақтөбеге апарып нан қылып шығарамыз неше түрлі. Қазір 35%, 40%-ке жетіп қалған шығар, сол Ақтөбе халқына біз нан беріп отырмыз.

Степное ауылындағы серіктестікке тиесілі дүкенде бір бөлке нан 90 теңге тұрады. Кәсіпкер тұрғындар үшін қолжетімді бағада саудалайды. Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің алғышарты. Бұдан бөлек, мәдениет үйі ғимаратын да салып берген. Шаруа қожалығы табысының 20%-тен астамын қайырымдылыққа береді. Қазір 3 ауылдың оқушыларын ыстық аспен қамтамасыз етеді.

Михаил Колодяжный, «Степное» ЖШС бригадирі:

- Ауылымыз жылдан жылға дамып келе жатыр. Бұны мен мақтанышпен айта аламын. Соңғы кезде қаладан көшіп келіп жатқандар көбейді. Бар жетістігімізді Аманғос Сансызбайұлымен байланыстырамыз.

Аманғос Төлеуов биыл су тасқынынан зардап шеккен Қобда және Ойыл аудандарына 100 тонна бидай, осынша көлемде арпа тұқымы мен 200 бас ірі қара берді. Ел басына күн туғанда «Степное» серіктестігі басшысы қарап отыра алмаған айтады.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов