Қытайлық ғалымдар Аралды көгалдандырады
Бірер жылда аңқасы кепкен Аралдың құм даласы жасыл-желекке айналуы мүмкін, деп хабарлайды 24kz.
Бұл іске қытайлық ғалымдардың көгалдандыруға арналған өнертабысы көмектеспек. Жаңа технология әлемнің екі жерінде сынақтан сәтті өтіп, тиімділі дәлелденген. Келесі кезек – Қызылорда облысының аумағында. Бүгін Ұлттық биотехнология орталығында сала жетекшілері мен Қытай мемлекетінің Қазақстандағы елшісі кездесіп, мәселені жан-жақты талқылады. Пилоттық жоба келер жылы көктемде басталады. Сондай-ақ екі тарап жаңадан ашылған генетикалық зертхананың жұмысымен танысты. Мұнда да қос ел ғалымдарының медицина саласындағы жетістіктері терең зерттеліп, түрлі ауруларды диагностикалаудың инновациялық әдістері әзірленеді.
Ғабидолла Оспанқұлов, ҚР Сыртқы істер министрлігі инвестиция комитетінің төрағасы:
- Өткен жолы Қызылордаға барып, жаңағы пилотттық жүзеге асатын жердің почвасын алды. Олар айтып отыр, бұған дейінгі жерден өзгешелік бар деп. Әрине, әр жердің өзгешелігі болады ғой. Соған байланысты реагентті таңдаймыз деді. Соған сәйкес келетін. Келесі жылдың ерте көктемінен бастап кетеміз жұмысты. Соның нәтижесінде ылғалды сақтау, микроорганизм пайда болуы, шөптің өсуі біраз уақыт алады. 1-2 жылда бір нәтиже көрінеді.
Чжан Сяо, Қытайдың Қазақстандағы елшісі:
- Саладағы серіктестік нығая береді. Алдағы уақытқа жоспарымыз көп. Соның бірі – мамандар даярлау. Жас ғалымдар мен қызметкерлер Қытайға келіп, біліктілгін арттыра алады. Нақты уағдаластық бар, олар біздің елден тағылымдамадан өтеді.