Атырау облысында шегіртке мен қарақұрттан қауіп сейілді
Биыл өңірде шегірткеге қарсы 96 мың гектардан астам жер химиялық өңдеуден өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір мамандар келер жылы дәріленетін аумақты есептеп жатыр. Маусым және шілде айында қарақұрт 500-ге тарта түйені шағып, 90 бас ойсылқара тұқымы өлген. Бірақ қазір жағдай тұрақталды. «Бұдан өзге мал өлімі тіркелген жоқ», – дейді ауыл шаруашылығы басқармасының ресми өкілі.
Ақтілек Нұроллаева, ауыл шаруашылығы басқармасының ресми өкілі:
- Улы жәндіктердің шағуының алдын алу және оларды болдырмау, өлген жануарларға өтемақы төлеу бюджет жағынан қарастырылмаған. Алайда жергілікті ветеринар мамандар емдеу шараларын үздіксіз жүргізіп жатыр. Айтып өту керек, улы жәндіктердің шағуының алдын алу және оларды жою туралы іс-шараларды бюджет жанынан қарастырылатын іс-шаралар тізбесіне қосу туралы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолданған болатын.