Жыл соңына дейін 1,7 мың шақырым газ құбыры жаңғыртылады

Биылға 128 елді мекенді газдандыру жоспарланған, деп хабарлайды 24KZ.

Жыл басынан бері елімізде халықты газбен қамту бойынша 107 жоба жүзеге асырылды. Оның жалпы құны 90 млрд теңгеге жуықтайды. Жобаның нәтижесінде 44 елді мекенге көгілдір отын жеткізіледі. Ал жыл соңына дейін тағы 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуге және 1,7 мың шақырым газ құбырларын жаңғырту қажет. Бұл үшін қосымша 105,4 млрд теңге бөлінеді. Бүгінге дейін елдегі газ өндірісі 30 млрд текше метрге өсті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 101%-ке көп. Ал 2030 жылға дейінгі меже 91 млрд текше метрге жетеді.