Қарағандыда балалар бассейніне бөлінген ₸130 млн жымқырылды
Қарағандыда бассейн салуға бөлінген бюджет қаражаты жымқырылды, деп хабарлайды 24KZ.
Мердігер компанияның жымысқы әрекетін Қаржылық мониторинг агенттігі тергеп жатыр. Аталмыш нысан балалар спортын дамытуға бағытталған еді. Десе де жауапты тұлғалар жалған актілер жасап, өзіне қарасты кәсіпорындарға ақша аударған. Салдарынан мемлекетке 130 млн теңгеден астам залал келтірілді. Қазір күдікті ұсталып, үй қамақа алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған азамат орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған. Мемлекетке орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 млн теңгеден астам залал келтірілген.