Түркістанда ₸153 млн қарызы бар жүргізуші ұсталды

Қомақты сома айыппұл ретінде 2 жыл ішінде жиналып қалған, деп хабарлайды 24KZ.

Жүргізуші жылдамдықты бірнеше рет арттырып, рұқсат етілмеген орынға көлігін қойып жүрген. Ақылы жолға да қарызы бар екені анықталды. Бұдан бөлек, банк алдында берешегі және алимент төлемей жүргені расталды. Полицейлер автокөлікті айып тұрағына қойып, жүргізушімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.