Мектептердегі камералардың қызметі күшейтіледі
Ол үшін Ішкі істер министрлігі білім мекемелерін бейнебақылау жүйелерімен жабдықтаудың ережесіне өзгерістер енгізуге ниетті.
Онда «Бейнебақылау жүйесі» ұғымының жаңа анықтамасы ұсынылған. Енді камералар қауіпсіздікті бақылап қана қоймай, жазбаларды сақтайтын, өзара ақпарат алмаса алатын бағдарламалық басқару құралдарының жиынтығына айналады. Жаңа түсіндірмеде осылай делінген. Дегенмен өзгеріс күшіне ену үшін 14 тамызға дейін қоғамдық талқылаудан өтеді.