Авиациялық әкімшілік 5 жылдық жұмысын қорытындылады

Еліміздің авиациялық әкімшілігі 5 жылда атқарылған жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды 24KZ.

Дербес мекеме отандық авиация саласындағы жағдайды түбегейлі жақсарту үшін 2019 жылы құрылған болатын. Сол уақыттан бері авиациялық қауіпсіздік инспекторлары 358 тексеру жүргізді, авиациялық жұмыстарды орындау құқығын беретін 41 сертификат, 24 куәлік берді. Қазіргі уақытта әкімшілікте 150-ден астам авиациялық инспектор жұмыс істейді, олар озық елдерде білімін жетілдіріп келеді. Бүгінде елімізде ИКАО талаптары бойынша ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 84%-ке жетті, бұл әлемдегі орташа көрсеткіштен 15% жоғары. Қазақстандық әуе компаниялары үшін Еуропа елдеріне ұшуға шектеу жоқ. Сертификатталған 19 авиакомпанияның 7-еуінде Еуропаға ұшуға рұқсаты бар. Жуырда авиация әкімшілігі АҚШ-қа тікелей рейстерді іске қосу үшін арнайы аудиттен өтеді.