Түркістан облысында дезинфекция орталығының басшысы сотталды

Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығының бас директоры 3 жылға сотталды, деп хабарлайды 24KZ.

Мекеме басшысы алаяқтық, пара беруге итермелеу және немқұрайлық таныту фактілері бойынша айыпталды. Ол заңсыз әрекеттері салдарынан мемлекетке 2,2 млн теңге залал келтірген. Осы іс аясында жеке компанияның иесі де «пара беруге оқталғаны үшін» жаза арқалады.

Данияр Бигайдаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Төрегелдиев республикалық аудиторлық тексеру жөніндегі мәселенің шешімін оң жақты еткені үшін лауазымды тұлғаларға пара беру сылтауымен Озықбаевтың 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды. Сот үкімімен Төрегелдиевке 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, Озықбаевқа 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сонымен қатар аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.