ҰҚК: шетелдіктер Қазақстанға діни кітаптарды алып кірмек болды
Каспий теңізінің байлығын браконьерлік жолмен аулағысы келетіндер тыйылмай тұр.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шілде айында 39 топтың жолын кесті. Олар айдын түбіндегі тасбақадан бастап итбалыққа дейін заңсыз аулап алыпты. Залал сомасы 42,5 млн теңгеге жетеді. Барлығы 27 дана жүзу құралы мен 16 шақырымнан асатын тор тәркіленді. Сондай-ақ қаскөйлерден 12 бекіре тұқымдас балық, 3 481 таза тұқымдас балық, 82 суда жүзетін тасбақа, 12 суда жүзетін құс және 1 Каспий итбалығы табылды. Құзырлы органның хабарлауынша, теңіз бетінде шекараны бұзбақ болған адамдар да анықталған.
Залал сомасы – ₸42,5 млн
Жүзу құралы – 27
Бекіре тұқымдас балық – 12
Таза тұқымдас балық – 3 481
Суда жүзетін тасбақа – 82
Суда жүзетін құс – 12
Каспий итбалығы – 1
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі шілде айындағы іс-қимыл нәтижесін шығарды. ҰҚК шекара қызметі құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 4 560 адамды ұстады. Соның ішінде шекараны бұзып өткен 35, ал шекараны бұзбақ болған 38 шетел азаматы бар. Мемлекеттік шекарадан әртүрлі затты заңсыз алып өтудің 1 612 фактісінің алды алынды.
Заң бұзушылар сондай-ақ шекарадан түрлі зат өткізгісі келген. Атап айтсақ, есірткі өткізудің 51, атыс қаруы мен оқдәрінің 100-ден аса фактісі анықталды. Сондай-ақ 26 діни кітап, 424 жанармай, 835 тұтыну тауарлары және 165 шетел валютасын өткізу деректерінің жолы кесілді.
Есірткі – 51
Атыс қаруы мен оқ-дәрі – 111 (206 суық қару, 77 оқдәрі)
Діни әдебиет – 26 (5351 дана)
Жанармай – 424 (37 000 литрден астам)
Тұтыну тауарлары – 835 (құны 2,6 млрд теңгеден астам)
Шетел валютасы – 165 (құны 1,4 млрд теңгеден астам)