Жетісу облысында төрт ауыл газға қосылды

Жетісу облысында төрт ауыл газға қосылды

Бүгін Жетісу облысындағы 4 ауыл табиғи газға қосылды.

Енді жалпы ұзындығы 96 шақырым болатын көгілдір отынның игілігін Бастөбе, Достық, Қанабек және Жаңаталап ауылдарының тұрғындары көрмек. Жалпы жыл соңына дейін тағы 126 елді мекендегі 500 мыңнан астам адамның үйін газдандыру жоспарланып отыр. Осылайша келер жылдың соңына таман өңірді көгілдір отынға қосу деңгейін 72 пайызға жеткізу көзделген.

Зина Мусина, Достық ауылының тұрғыны:

- Түскі уақытта үй салқын болып кетеді. Сол кезде тоқ пеш қоямын. Өзімнің белім, тізем ауырады. Енді мынаны өзімізге ыңғайлы қойып қойсақ, бірқалыпты температура болады ғой енді.

Айдос Бекетаев, Жетісу облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Біз де тағы да ірі жоба биыл басталып жатыр. Ол Талдықорған - Үшарал деген 302 шақырым газ құбырын саламыз, магистральді. 2028 жылдың соңына дейін біз оны салуымыз керек.