Көлік қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті
Биыл алғаш рет елімізде тамыз айының бірінші жексенбісінде көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тойлануда.
Айтулы дата Президенттің Жарлығымен бекітіліп, ресми мәртебеге ие болған. Бүгін мереке қарсаңында ведомство басшысы Марат Қарабаев сала өкілдерін құттықтап, үздік қызметкерді марапаттады. Сонымен бірге, бұрынғы министрлер мен сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Мемлекеттік орган дерегінше, көлік саласында 670 мыңға жуық адам еңбек етеді. Ал жоғары оқу орындары мен колледждерде 60 мыңға жуық студент білім алады.
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
- Біріншіден, осында отырған қызметкерлердің, ең бастысы сіздердің және жаңа аталған 670 мың қазақстандықтардың еңбегі. Ол бір. Екінші мұның түбін, негізін қалаған бізде осында отырған ардагердің, бізден бұрын жұмыс істеген буынның артынан бүгінгі болып жатқан жетістіктің баршасы. Ең алдымен ардагерлерге үлкен алғысымды айтамын. Оған қоса сіздерге алғысымды айтамын.