Абай облысында құтқарушылар орман өртінің алдын алды
Абай облысындағы орманда өрт шығып, Донгүлек орман шаруашылығындағы өсімдіктер отқа оранды.
Тұтанған от әуе патрульі бақылау кезінде байқалған. Жалынды ауыздықтауға 60 өрт сөндіруші, 15 бірлік техника, дрондар және тікұшақ жұмылдырылды. Абырой болғанда, өрттің таралуына жол бермей дер кезінде сөндіріп үлгерді. Айта кету керек, қазір аймақта аптап ыстық және құрғақ ауа райы сақталып отыр.