Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері. LIVE

Ақпараттық қауіпсіздікті толық қамтамасыз ете алатын ел әлемде жоқтың қасы.

Осыған байланысты хакерлер мен интернет-алаяқтарға алданбау үшін азаматтар жеке деректерді құпия сақтауды және қаржылық сауаттылықты үйренуі керек. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Оны студиямыздың қонағы ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректерді қорғау басқармасының басшысы Әділетхан Қабдештен сұрап білейік.

  1. Жаңа ғана біз азаматтардың, ақпараттық сауаттылығын арттыратын жаңа платформа іске қосылатыны туралы ақпарат бердік. Осы туралы толығырақ айтып беріңізші? Бұл бастама азаматтарды алаяқтық әрекеттерден қаншалықты қорғауы мүмкін?
  2. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша биыл қанша заңбұзушылық анықталды? Былтырғы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш қандай?
  3. Осы олқылыққа жол берген банктер мен қаржылық ұйымдарға қатысты қандай шара қолданылады? Ақпараттық қауіпсіздікті сақтай алмай отырған мекемелерге кезектен тыс тексеру жұмыстары жүргізіле ме?
  4. Құқығы бұзылған азаматтар қайда шағымдана алады? Оларға өтемақы төлене ме?