Ақпараттық сауаттылықты арттыратын жаңа платформа іске қосылды

Елде азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыратын жаңа платформа іске қосылды, деп хабарлайды 24kz.

Осылайша, қазақстандықтар кибералаяқтардан қорғану әдістерін үйренуге мүмкіндік алады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі комитетінің төрағасы осылай деді. Руслан Әбдіқалықоватың айтуынша, қазір саладағы жұмыстардың қарқыны күшейген. «Ал қауіпсіздікті одан әрі дамыту үшін тіпті заңнамалық шараларды қатаңдату керек», - дейді ол.

Руслан Әбдіқалықов, ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

- Біз қол қусырып отырғанымыз жоқ. Киберқауіпсіздік мәселесін барынша қарастырдық. Былтыр оны кәсіби деңгейде қамтамасыз ететін орталықтардың саны 38 болса, биыл 48-ге жетті. Сондай-ақ біздің министрлік жеке деректердің таралуы мен киберқауіпсіздік мәселесіне қатысты жауапкершілікті күшейту бойынша заңнамалық шаралар қабылдануы керек деп есептейді. Бұл ұсыныстар тиісті органдарға жіберілді.