Оралда су тасқынынан зардап шеккен 80 отбасы баспаналы болды
Орал қаласында да су тасқынынан зардап шеккен 80 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды 24kz.
Олар бұған дейін саяжайда тұрған. Көктемде Жайық және Шаған өзендерінің жайылмасындағы 8 мыңдай саяжай үйі суға кеткен еді. Тұрғындардан түскен өтініштерді зерделеу барысында саяжай 3 мыңдай адамның жалғыз баспанасы екені анықталды. 500-ге жуық үйді қайта жөндеуге қаржы бөлінсе, 2616-сы тұруға жарамсыз деп танылды. Күні бүгінге 1300 пәтер сатып алынса, 374 үй жаңадан салынып жатыр.
Тілепберген Қаюпов, облыс әкімінің орынбасары:
- Жалғыз баспанасы болып табылатын үйлерді саралау көп уақыт алды. Осы уақытта саяжай тұрғындары эвакопунктте тұрды, жалдамалы пәтерді тұрды, сабырлылық сақтады, қиналған кездері болды. Енді осының бәрі артта қалып, кезең-кезеңімен ірі компаниялар, кәсіпкерлер, банктердің қолдауымен келіп түскен қаржы есебінен пәтерлерді сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.